дүйсенбі, 15 маусым, 2026 12:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш Құдайберген мектебіне барып, ұстаздарын қуантты (видео)

Димаш Құдайберген мектебіне барып, ұстаздарын қуантты (видео)
Фото: видеодан скрин
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған қаласы Ақтөбеге барып, өзі білім алған мектептің ұстаздарымен кездесті.

Өнер иесі туған қаласынан жылы кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясына арнайы барған. Бұл білім ордасында Димаштың балалық шағы өтіп, өнерге деген алғашқы қадамы қалыптасқан.

Әнші мектеп пен ұстазға деген құрметін жеткізді. Оның айтуынша, жылдар өтсе де, адам есейсе де, мектеп қабырғасындағы естеліктер мен мұғалімге деген алғыс ешқашан ұмытылмайды.

“Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл бейнеге жылы пікір қалдырып, әншінің қарапайымдылығы мен ұстаздарына деген құрметін жоғары бағалады.

Көпшілік “ұстазын ұмытпаған шәкірт”, “туған жеріне тағзым еткен өнерпаз” деп жазып, Димаштың бұл қадамын үлгі етті. Сондай-ақ жанкүйерлер әншіні тәрбиелеген ата-анасы мен білім берген ұстаздарына алғыс айтты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар