жексенбі, 7 маусым, 2026 17:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда алдағы үш күнде қуатты магниттік дауыл байқалады

Қазақстанда алдағы үш күнде қуатты магниттік дауыл байқалады
Фото: zi.ua
Қазақстандық ғалымдар бүгіннен бастап үш күн бойы күшті магниттік дауыл болатынын болжады

Ионосфера институты мамандарының айтуынша, оның ерекшелігі аспанда полярлық шұғыла өте анық көрінеді. Соңғы рет осындай сирек құбылыс қаңтар айында тіркелді. Сол кезде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында түнгі аспан ерекше жарқырады. Күшті магниттік дауыл байланыс жүйесіне және орбитадағы кейбір спутниктердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы бар адамдардың абай болғаны жөн.  

“Күн белсенділік танытатын кезеңдер болады. Мұндай белсенділік шамамен 11 жылға созылады. Бірде өсіп, бірде төмендеп отырады. Қазір біз төмендеу кезеңіне жақындап келеміз. Алайда мұндай қорытындыны нақты деректерге сүйеніп қана жасай аламыз. Ол үшін уақыт өтуі керек”, – деді Ионосфера институтының аға ғылыми қызметкері Ботагөз Сейфуллина.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар