жексенбі, 7 маусым, 2026 11:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады
istockphoto
Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жасалғанын хабарлады.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жасалғанын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Сонымен қатар бірнеше облыста ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі күтілсе, Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте де жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай және Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Бұл өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кейбір аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жауын-шашынмен қатар тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды және бірқатар басқа өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар