сәрсенбі, 3 маусым, 2026 10:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рақымшылық: Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов, Перизат Қайрат тізімде бар ма?

Рақымшылық: Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов, Перизат Қайрат тізімде бар ма?
Коллаж: Arasha.kz
ІІМ министрінің орынбасары Санжан Әділов пікір білдірді.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және қоғам белсендісі Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

ІІМ министрінің орынбасары Санжан Әділовтың айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай санаттағы сотталғандарға амнистия қолдануға тыйым салынған.

«Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық жасау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары немесе қылмыстық топ құрамында жасалған құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамдар рақымшылыққа іліге алмайды. Сондықтан бұл тұлғаларға рақымшылық жасау мәселесі ешбір жағдайда көтерілген жоқ және көтерілмейді», – деді Санжан Әділов.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп танылып, сот үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ал ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталған.

Перизат Қайратқа қатысты тергеу мен сот процестері қоғамда кең талқыланып келеді. Осыған байланысты оның ықтимал рақымшылыққа ілігу мәселесі де әлеуметтік желілерде жиі көтерілген болатын.

ІІМ өкілдері амнистия тек заңда көрсетілген талаптарға сай келетін азаматтарға ғана қолданылатынын және ауыр әрі ерекше санаттағы қылмыстар үшін сотталған адамдарға бұл норма жүрмейтінін атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар