сейсенбі, 2 маусым, 2026 13:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз

Қасым-Жомарт Тоқаев:  Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз
Ақорда
Бүгін Мемлекет басшысы Алматы облысына барды.

Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Alatau city жобасына зор үміт артып отырғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз.

Alatau city жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады.

Сонымен қатар, Президент өз сөзінде әлемдік тәжірибеден мысал келтірді.

"Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім.

Сол себепті біз де Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет.

Осы бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беруіміз керек», – дейді Мемлекет басшысы.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар