дүйсенбі, 1 маусым, 2026 17:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

СІМ футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: pixabay.com
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтар нені ескеру қажеттігін айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, 11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка Құрама Штаттарында, Канадада және Мексикада футболдан әлем чемпионаты өтеді. Оны тамашалау үшін еліміздің азаматтарын қоса алғанда, көптеген шетелдік жанкүйер барады.

Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі матчтар мен чемпионатқа қатысты басқа да іс-шараларға баруды жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын сақтауды және жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға кеңес береді", - деді Ерлан Жетібаев.

Сондай-ақ СІМ өкілі әрқашан жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып жүруге, жергілікті құқық қорғау органдары мен іс-шара ұйымдастырушыларының талаптарын қатаң сақтауға, саяхат бағыттарын алдын ала жоспарлауға және ресми көлік қызметтерін пайдалануға кеңес берді.

"Сонымен қатар чемпионат өтетін аймақтардан тыс жерлердегі рұқсат етілмеген қоғамдық іс-шаралар мен көп адам жиналатын орындардан аулақ болуға, жеке заттарыңыз бен құжаттарыңызды қараусыз қалдырмауға, қоғамдық орындарда сақ болуға және жергілікті билік органдарының, турнир ұйымдастырушыларының және шұғыл қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалап отыруға шақырамыз.

Әсіресе чемпионат өткізетін елдерде көші-қон заңдарының, виза талаптарының және сол елдердің аумағында болу ережелерінің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Төтенше жағдай туындаса барған еліңіздің шұғыл көмек көрсету қызметтеріне дереу хабарласу керек, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жақын маңдағы дипломатиялық және консулдық мекемелерімен байланысу қажет", - деп кеңес берді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар