Қазіргі уақытта ол Ақмола облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер алдын ала оған кене арқылы таралатын вирустық энцефалит диагнозын қойған.
Мәліметке сәйкес, жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген. Біраз уақыт өткен соң науқастың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, студенттің санасы бұзылған. Қазір оған барлық қажетті тексерулер жүргізіліп, қарқынды ем көрсетілуде.
Дәрігерлердің айтуынша, кене шаққаннан кейін ауру белгілері бірден байқалмауы мүмкін. Кей жағдайда адам өзін бірнеше күн, тіпті апта бойы қалыпты сезінеді.
Мамандар кене энцефалитінің өте қауіпті екенін ескертеді. Өйткені вирус орталық жүйке жүйесін, соның ішінде ми мен жұлынды зақымдап, ауыр әрі қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Биыл маусым айының басынан бері Ақмола облысында кене шаққаннан кейін шамамен 500 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның үшеуінде кене энцефалиті расталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





