сейсенбі, 26 мамыр, 2026 21:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мүсіннің үстіне шығып алған: әлеуметтік желіде бейнежазба тарады

Мүсіннің үстіне шығып алған: әлеуметтік желіде бейнежазба тарады
Коллаж: Qaz365.kz
Оқиғаға қатысты елордалық полиция да пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызған бейнежазба тарап жатыр. Кадрлардан бірнеше қыздың Астанадағы Жазушылар аллеясында орынсыз фотосессия жасап, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне арналған «Үш бәйтерек» ескерткішін қорлағанын көруге болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбадағы қыздар күліп, камера алдында түрлі қимыл көрсетіп, мүсін композициясының үстіне шыққан. Тіпті олардың бірі шектен шығып, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Бейімбет Майлиннің қола мүсінінің мойнына мініп алған.

Жұртшылықтың наразылығын тудырған видео лезде қазақстандық парақшаларға тарап кетті. Әлеуметтік желі қолданушылары тәртіп бұзған қыздарды тауып, вандализм мен халықтың тарихи жадына құрметсіздік танытқаны үшін қатаң жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр. 

Еске салайық, «Үш бәйтерек» ескерткіші сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ әдебиетінің үш алыбы — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге арналған.

Оқиғаға қатысты елордалық полиция да пікір білдірді. Астана қалалық полиция департаменті құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, бақылауға алынғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бейнежазбада көрінген қыздардың кім екені анықталып жатыр. Полицейлер олардың әрекетіне құқықтық баға беріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар