Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Ерзат Егізбай өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер мәлімдеді. Айтуларынша, Жетісу ауданында із-түзсіз кеткен Ерзат Шалқарұлы Егізбайды іздеу қаралы хабармен аяқталған.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осындай ауыр қасіретте сабыр мен төзім тілейміз. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қаралы нәтижемен аяқталды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ерзаттың жоғалғаны туралы арызды 19 мамыр күні оның ағасы Азамат Егізбай жазғаны туралы ақпарат тараған. Оның сөзінше, Ерзат шамамен сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы 147Б үй маңындағы құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Жас жігіттің телефоны соңғы рет Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік саяжайлары мен «Көксай» бау-бақша серіктестігі аумағында белгі берген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





