жұма, 22 қараша, 2024 13:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жәнібекті сатқан адамның кім екені белгілі болды – Қымбат Досжан

Жәнібекті сатқан адамның кім екені белгілі болды – Қымбат Досжан
фото: әлеуметтік желіден
Негізінде бұл туралы  ақпарат  бірнеше ай бұрын белгілі болған

Оның кім екендігін журналист, Жәнібектің оқиғасын зерттеп жүрген Қымбат Досжан жария етті. Оның айтуынша, Жәнібекті саудалаған әйел аудармашы болып жұмыс істеген көрінеді. Негізінде бұл туралы  ақпарат  бірнеше ай бұрын белгілі болған. Тергеу жүріп жатқандықтан мәліметтерді жария етілмегенін  айтты журналист. 

«Ақша алған әйел белгілі екен. Оның аты кім, неге айтпайсыздар?» деп сұрайсыздар. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан ол әйел туралы айтуға еш құқым жоқ. Негізі бұл әйелдің атын, қайда тұратынын, немен айналысатынын біз осы жылдың қаңтардың 7-сі күні анықтадық. Бұны қымыстық істі тергеп жатқан Арқалық полиициясы да біледі», - деді Қымбат Досжан. 

Қымбат Досжан тіпті беймәлім әйелдің асырап алушы азаматтармен саудаласқанын айтады.   

“2004 жылы ақша алған кезде ол әйел Арқалықта жұмыс істеген. Сіздер ойлағандай, перзентханада немесе балалар үйінде жұмыс істемеген. Ол тіл білгендіктен аудармашы болып жұмыс істеген. 12 мың долларды қолына санап алған кезде, Жәнібектің асырап алған анасына «Сіз аз беріп тұрсыз, америкалықтар бізге ұл балалар үшін 20 мың доллардан жоғары ақша береді» деген екен. Кейін тіпті ол әйелге Жәнібектің хал-жайын сұрап, хат та жазған.

“2020 жылы ақша алған әйел Валериймен (Жәнібектің асырап алған анасы) хат жазысқан. Ол жерде «Жәнібектің жағдайы қалай?» деп сұраған. Бұған дәлеліміз бар. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталып, сот болған кезде ғана белгілі болады. «Бармысың, бауырым?» хабары Жәнібектің анасын іздеуді ары қарай жалғастырады», - деді журналист. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар