жұма, 22 мамыр, 2026 17:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пранк жасаймын деп 15 тәулікке қамалды

Пранк жасаймын деп 15 тәулікке қамалды
Сурет: видеодан скрин
Оқыс оқиға Ескек есу каналында (Гребной канал) болған.

Видеода қыз полиция қызметкерінен суға батып бара жатқан жігітті құтқаруды сұрайды. Тәртіп сақшысы бірден суға жүгіріп түседі, алайда кейін бәрінің шаурманы жарнамалау үшін ұйымдастырылған қойылым екені белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға Ескек есу каналында (Гребной канал) болған. Полиция департаментінің мәліметінше, полицей қызметке бара жатып, көмек сұраған адамдардың өтінішіне дереу жауап берген.

Кейіннен пранкке қатысушылар полицейге кафеге сертификат сыйлаған, алайда олардың бұл әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Сот шешімімен пранкке қатысқандардың біріне 15 тәулік, ал екіншісіне 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар