жұма, 22 мамыр, 2026 12:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда 5 жастағы қызды ит талап тастады

Түркістанда 5 жастағы қызды ит талап тастады
Фото: istockphoto.com
Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында қаңғыбас ит 5 жасар қызды тістеп, бала ауыр жарақат алды.

Оқиға кезінде қыз басқа балалармен ойнап жүрген. Кенеттен қаңғыбас ит балаларға тап беріп, қызды тістеп алған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған. Дәрігерлер оның бет және бас аймағынан ауыр жарақат алғанын, травматикалық шок жағдайында болғанын айтады. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, қажетті ем алып жатыр. Алайда, дәрігерлердің айиуынша, болашақта пластикалық операция қажет болуы мүмкін.

Аудан тұрғындары мұндай жағдайлардың бұрын да тіркелгенін айтады. Соңғы уақытта елді мекенде қаңғыбас иттердің шабуылы жиілеген. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстарына бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері 50-ге жуық ит ауланған. Бірақ, осы оқиғаға қатысты иттің иесі әлі анықталмаған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар