жұма, 22 мамыр, 2026 8:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық кино – ұлттың рухани келбетін танытатын маңызды өнер – Аида Балаева

Ұлттық кино – ұлттың рухани келбетін танытатын маңызды өнер – Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Биыл мемлекеттік қолдауға 323 жоба түсіп, оның 95-і питчинг кезеңіне өткен.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық кино саласында сапа мен ашықтыққа басымдық беріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің сөзінше, биыл мемлекеттік қолдауға 323 жоба түсіп, оның 95-і питчинг кезеңіне өткен.

«Құрметті, киноиндустрия өкілдері! Кейінгі жылдары ұлттық кино саласында бірқатар оң өзгерістер болып жатыр. Бұл – сала мамандарымен бірлесіп атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Мемлекет қаржысына түсірілетін туындылардың сапасы, мазмұндық тереңдігі мен жанрлық әралуандығы жыл сайын артып жатыр. Мұны мемлекеттік қолдауға ұсынылатын жобаларды іріктеу конкурсының ережелерін жетілдіру, талаптарды күшейту, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарын басты назарда ұстау бағытындағы жұмыстың жемісі деп білемін

Биылғы байқау да осы ұстанымдарға басымдық бере отырып жалғасуда», - деді ол.

Сандай-ақ Аида Балаева жас киногерлердің белсенділігін ерекше атап өтті.

«Олардың жобалары тың идеяларымен, батыл шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, ұлттық киноның дамуына жаңа серпін беріп отыр.

Биылғы байқауға барлығы 323 жоба келіп түсті. Ұсынылған әрбір жұмыс жан-жақты қаралып, байқаудың маңызды кезеңі – питчингке 95 сценарий жолдама алды. 22-24 мамыр аралығында өтетін ашық қорғау Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми YouTube арнасында онлайн көрсетіледі.

Бұл кезеңде саннан гөрі сапаға ерекше мән беріледі. Сарапшылар жобалардың қоғамдық маңызын, көркемдік деңгейін, идеялық мазмұнын және ұлттық киноның дамуына қосар үлесін саралай отырып, мемлекеттік қолдауға лайық туындылардың тізімін жасайды.

Ұлттық кино – ұлттың рухани келбетін танытатын маңызды өнер. Сондықтан мемлекет қолдауымен жүзеге асатын әрбір жоба қазақ киносының мәдени мұрасына айналуға лайық болуы тиіс.

Министрлік ұлттық киноны дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап, салаға қажетті мүмкіндіктер жасау жұмысын жалғастыра береді. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», - деді министр

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар