бейсенбі, 21 мамыр, 2026 13:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әскерде әлімжеттік бар ма? Қорғаныс министрлігі ішкі ахуалды айтты

Әскерде әлімжеттік бар ма? Қорғаныс министрлігі ішкі ахуалды айтты
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Қорғаныс министрлігі әскердегі тәртіп пен ішкі ахуалға қатысты бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімдерде сарбаздарды соққыға жығу фактілері ресми түрде тіркелмейді. Дегенмен, әскер ішінде күнделікті тәртіп бұзушылықтар орын алып отырады.

Олардың қатарында әскери бөлімнен өз бетінше кету жағдайлары, әскери қызметшілердің бейберекет жиналуы, қоймалар мен қызметтік нысандарға рұқсатсыз кіру сияқты оқиғалар бар. Ведомство мұндай әрекеттердің барлығы қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі 50 жасқа дейінгі азаматтарды әскерге шақыру туралы бастамаға да түсініктеме берді. Қазіргі таңда бұл ұсыныс қарастырылып жатқанымен, оны енгізу бойынша нақты шешім қабылданбаған. Министрлік шақыру және мобилизациялық дайындық жүйесін жан-жақты талдауды жалғастырып отыр.

Тағы бір өзекті мәселе – әскердегі тамақтану жүйесін жаңғырту. Вице-министрдің айтуынша, кейбір әскери бөлімдерде «швед үстелі» форматы пилоттық режимде сынақтан өткізілген. Жоба нәтижелері сарапталып жатыр, ал оның тиімділігіне қарай бүкіл армияға енгізу мәселесі қарастырылмақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар