"Анамның аты-жөнін білемін": Жәнібек өзін сатып жіберген әйел туралы айтты
- авторОймақ
- 23 сәуір, 2024
- 1.8k
Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген.
Анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған белгиялық әйелді көрсетіп, одан біраз шындықты білгенін айтты. Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Ол әйелдің аты-жөні де белгілі екен.
"...Валери маған бар шындықты айтты. 12 000 доллар және оны кімге бергенін де айтты. Мен Валериден ақша алған әйелдің аты-жөнін білдім, бірақ мен сұхбатта оның есімін әдейі жасырдым. Мен ол әйелдің маған хабарласып, туған анамды табуға көмектескенін күтіп жүрмін", - дейді Жәнібек Савельев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.