жексенбі, 17 мамыр, 2026 11:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді
ашық дереккөз
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 23,4%-ға жоғары. Наурызда ел бойынша 28 493 тұрғын үй мәмілесі жасалған болатын. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Сәуір айында Атырау облысынан басқа барлық өңірде тұрғын үй саудасы артқан. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді — 55,8%. Одан кейін Қызылорда облысы (+49,4%) мен Абай облысы (+45,7%) орналасқан.

Соған қарамастан, былтырғы сәуірмен салыстырғанда тұрғын үй нарығындағы белсенділік әлі де төмен. 2025 жылдың сәуірінде 36 839 тұрғын үй сатылса, биылғы көрсеткіш одан 4,6%-ға аз.

Өткен жылмен салыстырғанда мәмілелер саны Түркістан облысында айтарлықтай өсіп, 41,5%-ға артқан. Ал ең үлкен құлдырау Ұлытау облысында байқалды, шамамен 28,6%.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы тұрғын үй мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар