сенбі, 16 мамыр, 2026 14:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дана Нұржігіт қос құрбыға араша түсті

Дана Нұржігіт қос құрбыға араша түсті
Фото: qazaqtoday.info
Әлеуметтік желіде ақтөбелік Бағдагүл есімді емшінің даулы мәлімдемесі үлкен резонанс тудырды. Бұл жағдайға байланысты белгілі тележурналист Дана Нұржігіт өзінің наразылығын білдіріп, пікірін айтты.

Журналист желідегі мұндай бейберекетсіздік пен адамның ар-намысына тиетін сөздердің жазасыз қалмауы керектігін атап өтті.

«Мына әйелдің сөздерін бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде көзім шалды. Баян мен Динараның орнында кез-келгеніміз болуымыз мүмкін. Желіде есіп жүрген осындай жел сөзге, адамның абыройына нұқсан келтіретін былапыт етіп, аузына келгенін айтуға бола ма? Жауап береді-ау, маған қарсы арыз түсіру мүмкін-ау деген ой бар ма, жоқ па? Мынадайға құқықтық баға беру керек»,– деді Дана Нұржігіт.

Ол бұндай әрекеттің заңға қайшы екенін айтып, әріптестеріне қолдау білдірді. Оның пікірінше, кез келген сыни көзқарас мәдениетті шеңберден шықпауы тиіс.

«Баян мен Динара менің әріптестерім. Өз деңгейінде жұмыс істеп жатқан адамдар. Оған өз бағаңды беруге болады, бірақ оған нұқсан келтіріп, оның атын қорлауға ешкімнің де қақысы жоқ. Сондықтан кешіріп қойыңыз, базардағы әпер бағалы мінезді қою керек деп есептеймін. Қоғамға жақсы үлгі емес»,– деді ол.

Айта кетейік, емші Бағдагүлдің әлеуметтік желіде тараған даулы видеосынан кейін, оның үстінен құқықтық заң аясында шара қолдану мақсатында белгілі продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжан сотқа арыз түсірген болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар