Ол үшін арнайы онлайн платформа іске қосылған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Жаңа жүйе арқылы тұрғындар малды интернеттен таңдап, бағасын келісіп, төлемді онлайн жасай алады. Кейін құрбандық шалу рәсімі мешіт қызметкерлерінің қатысуымен шариғат талаптарына сай орындалып, ет мұқтаж отбасыларға таратылады.
Сайттағы мәліметке сәйкес, ірі қараны жеті адам бірігіп шалуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар тапсырыс берушілерге фото және видео есеп жіберіледі.
Имамдардың айтуынша, бұл тәсіл әсіресе уақыты тығыз немесе басқа қалада жүрген азаматтарға ыңғайлы. Онлайн түрде қой, ешкі, сиыр немесе түйе шалуға болады.
Ақтөбе облысындағы «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қашықтан құрбан шалу шариғатқа қайшы келмейтінін айтты.
– Мал базарға немесе құрбан шалатын жерге бара алмайтын адамдар үшін арнайы сайт дайындалды. Құрбандық шалынған соң, тапсырыс берушінің еті мешіттегі мұқтаждар тізімі бойынша үлестіріледі, – деді ол.
Діни қызметкерлер онлайн құрбан шалудың негізгі мақсаты – ыңғайлылық жасау әрі қайырымдылықты ұйымдастыру екенін атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Есту қабілетінен айырылған биші өнерімен жұртты жылатты
Ұқсас жаңалықтар
15 мамыр — қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың туған күні
- авторОймақ
- 15 мамыр, 2026





