Сот Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеріп отырып 2023 жылы 9 қараша күні сотталушының “Юлия супер” деп сақталған әйелмен хат жазысқанын анықтады.
Сотталушы Қуандық Бишімбаев мұның жеке басқа қатысты хаттар екенін ескертіп, ондағы әңгімені жарияламауды сұрады. Бірақ сотқа қатысушылар хаттардың оқылуын талап етті. Өйткені Бишімбаев “Юлия супермен” Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан сәтте сөйлескен.
“Не істеп жатырсың? Боссың ба”, – деп сұраған Қуандық Бишімбаев.
Оның бұл сұрағына “Юлия супер”: “Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?”, – деп жауап берген.
Жәбірленуші тарап атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың жағдайы туралы көріпкелмен сөйлесіп жатқанда Юлиямен де қатар хат алмасқан. Жәбірленуші тараптың: “Юлия Бишімбаевқа қандай қызмет көрсетуі керек еді? Ол не себепті бос болуы керек?” деген сауалдарына сотталушы жауап бере алмады. Сот аталған сұрақтарды алып тастады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.