Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Байжановтың адвокаттары оның кінәлі екендігі туралы сот шешімін қайта қарамай, тек жазасын жеңілдетуді немесе шартты мерзім тағайындауды сұраған болатын, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында прокурор мен зардап шеккен тарап үкімді күшінде қалдыруды талап етті. Нәтижесінде кассациялық саты Байжановтың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қабыл алған жоқ.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені және оны қинағаны үшін кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырған еді. Ал оның туысы Бахытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға сотталды. 2024 жылдың маусым айында апелляциялық алқа екі сотталушының да шағымдарын қанағаттандырмаған болатын.
Өткен жылдың шілде айында Степногорск қалалық соты сол уақытқа дейін екі жылға жуық мерзімін өтеген Байжановтың амнистия туралы өтінішін қанағаттандырған. Соның нәтижесінде оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқартылып, Байжановқа тағы 1 жыл 4 ай 17 күн өтеу қажеттігі белгіленді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





