жұма, 22 қараша, 2024 9:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жайықтың деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Жайықтың деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін
Фото ашық дереккөздерден алынды
Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш  өңірдегі ахуал күрделі екенін айтты.

«Қазіргі таңда жағдай күрделі. Өйткені Жайықтың су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. «Қазгидрометтің» баяндауынша, қазіргі деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткен. Жалпы қауіпті деңгей – 8 метр 50 сантиметр. Яғни, қауіпті деңгейден 12 сантиметр асып отыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзінше, 25-26 сәуір күндері жағдай ушыға түсуі мүмкін.

«Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі де қайтқан жоқ. Су деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге баруы мүмкін», - деді Нұржан Төлеуіш.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар