сейсенбі, 5 мамыр, 2026 12:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Стоматологияны үптеп кетіпті

Стоматологияны үптеп кетіпті
istockphoto.com
Келтірілген шығын – 350 мың теңге.

Астана полициясы қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде болған ерекше ұрлықты ашты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 43 жастағы ер адам клиникаға қарапайым келуші ретінде кірген. Бөлмеде ешкім қалмаған сәтті күтіп, ол қараусыз қалған барсетканы жасырын түрде ұрлап кеткен. Оның ішінен күдікті ақша қаражатын алып, кейін сөмкені орнына қайта қойған да, еш күдік тудырмай клиникадан шығып кеткен.

Келтірілген шығын көлемі шамамен 350 мың теңгені құрады. Алайда ол ақшамен ұзақ уақыт бойы жасырын жүре алмады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды. Анықталғандай, ол ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство ескертеді: мұқият болыңыздар, жеке заттарыңыз бен ақша қаражаттарын қараусыз қалдырмаңыздар, ал күмәнді жағдайларды байқасаңыздар, дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыздар.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар