сейсенбі, 5 мамыр, 2026 12:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.


Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды.

Сондай-ақ Президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды.
 
Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар