Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Ерлер құрамасы өз тобында үш кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне тікелей шықты.
Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңде екінші орын алды. Кейін өтпелі кезеңдегі матчта Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.
Бүгін, 4 мамырда әлем чемпионатының 1/8 финалының жолдамасы сарапқа салынатын матчтар өтеді.
Қазақстанның ерлер құрамасы Испаниямен кездессе, әйелдер құрамасы Швецияға қарсы ойнайды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





