Атап айтқанда, бұйрық жобасына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 16 түрлі ауру бойынша 23 инновациялық дәрілік препарат енгізілген.
Мәселен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартанның тіркескен комбинациясын енгізу қарастырылған.
Ауыр түрдегі бронх демікпесі бар науқастарға арналған емдеу тізіміне Омализумаб қосылған.
Сондай-ақ ювенильді артритпен ауыратын науқастарға арналған терапия кеңейтіліп, оған Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб және Адалимумаб енгізілген.
Жалпы алғанда, бұйрық жобасына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 16 нозология бойынша 23 инновациялық дәрі енгізіліп отыр.
Сонымен қатар қазіргі емдеу стандарттарына сәйкес өзектілігін жоғалтқан бірқатар дәрілік препараттарды тізімнен алып тастау ұсынылған. Бұл амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігі мен нақтылығын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер Формулярлық комиссияның шешімдері негізінде әзірленіп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде пациенттер өзекті клиникалық ұсынымдар мен заманауи стандарттарға сай ем ала алады.
Тізімді жаңарту дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін қазіргі клиникалық тәсілдер мен халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруге бағытталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазақстан 1/8 финалға шығу үшін бақ сынайды
Ұқсас жаңалықтар
Блогер Қайсар Хамза жақын арада елге оралуды жоспарлап отырғанын айтты
- авторОймақ
- 1 мамыр, 2026






