жексенбі, 3 мамыр, 2026 14:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодар облысында ер адам өз баласын өлтірді деп айыпталып жатыр

Павлодар облысында ер адам өз баласын өлтірді деп айыпталып жатыр
Фото: freepik.com
Павлодар облысында 26 жастағы ер адам үш жасар қызын өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қылмыс 2025 жылдың қыркүйек айында Тереңкөл ауданында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам бүлдіршіннің өз қызы екеніне күмәнданған.

26 жастағы ауыл тұрғыны жұбайымен бірге екі балан тәрбиелеп отырған. Олардың үш жасар қызы және 2025 жылдың мамыр айында дүниеге келген ұлы болған. Тергеу дерегіне сәйкес, ер адам әйелім қызды басқа ер адамнан туды деп ойлай бастаған.

Прокурордың мәліметінше, әкесі баланы түні бойы шарфпен кереуетке байлап, ара-тұра ұрып отырған. Бұл жағдай 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін жалғасқан. Оның соңы ақыры қайғылы оқиғамен аяқталған.

Айыпталушы көршісінің моншасында ішімдік ішіп отырған. Кешкі сағат 22:00 шамасында үйіне барып, қызын алып кеткен. Сол жерде оны бірнеше рет ұрып, кейін қайтадан көршісінің үйіне алып келген. Тергеу мәліметіне сай, ол баланы қатты күшпен бетон еденге лақтырған.

"Сағат шамамен 22:00-де қызын өзімен бірге моншаға алып кірген. Сосын киім ауыстыратын бөлмеде, мас күйде баланы жоғары көтеріп, бетон еденге әдейі лақтырған", -  дейді прокурордың көмекшісі Елена Корнева.

Оқиғадан кейін ер адам қызын аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда алған жарақатының салдарынан бала көз жұмды.

Сараптама қорытындысы бойынша, қыздың бауыры жыртылып, ішкі қан кету болған.

Қазір ер адамға “Азаптау” және “Адам өлтіру” баптары бойынша айып тағылып отыр. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Десе де айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар