жұма, 1 мамыр, 2026 10:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Солтүстік Қазақстанда бір әйел өзін өртеп жіберген

Солтүстік Қазақстанда бір әйел өзін өртеп жіберген
istockphoto
Қайғылы оқиға 30 сәуірге қараған түні болған.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астраханка ауылында 41 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған отбасылық жанжал, қызғаныш себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 сәуірге қараған түні болған. Ауыр күйік жарақаттарымен әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оны Петропавл қаласына тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Зардап шеккен әйелді мұндай шарасыз қадамға не итермелегенін полиция анықтайтын болады. Алайда жағдайдан хабардар ауыл тұрғындары бұл оқиға қызғаныш салдарынан болуы мүмкін деп болжайды. Айтуларынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған.

Оқиғаға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар