сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 21:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деген айып тағылды

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деген айып тағылды
Фото: Вечерний Бишкек
Қырғызстанда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушев және Жогорку Кенештің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Шакиев Ішкі істер министрлігінде жауап берді. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров айтты.

Шердор Абдыкапаровтың айтуынша, үшеуі де бұған дейін осы іс бойынша басқа күдіктілерге тағылған айыптарға байланысты тергеуге шақырылған. Бұл жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және тергеу мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену деп қарастырып отырған ауыр баптар туралы болып отыр. Күштік құрылымдардағы дереккөздердің хабарлауынша, бұрынғы шенділерден ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап алынған. Кейін олар ведомство ғимаратынан шығып кеткен.

Тағылған айыптардың нақты мән-жайы мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ. Дереккөздер тергеудің "75 адамның хаты" деп аталатын іске байланысты жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 
 
24.kg басылымының жазуынша, кейін Қамшыбек Ташиев қырғыз халқына үндеу жолдаған. Ол өз құқығын заң аясында қорғауға толық мүмкіндігі бар екенін айтып отыр.

"Егер кінә дәлелденсе, адам жауапқа тартылуы тиіс. Ал кінәсі болмаса, ақталуы керек", – деді ол.

Ташиев елде әділ сот жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол Кемпір-Абад ісі бойынша айыпталушылардың ақталғанын мысалға келтірді. ҰҚК экс-басшысы азаматтарды заңды сақтауға шақырды.

"Уайымдаудың қажеті жоқ. Барлығы жақсы болады", – деп атап өтті Қамшыбек Ташиев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар