сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 20:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкент тұрғыны көршілер чатындағы жазбалар үшін өтемақы өндіріп алды

Шымкент тұрғыны көршілер чатындағы жазбалар үшін өтемақы өндіріп алды
Magnific.com
Не болды? Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі баяндады. Тұрғынның көршілерінен моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралғаны хабарланды.

"Талап қоюшы өзінің арызында жауапкерлер "WhatsApp" ортақ үй чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазғанын көрсеткен", - деп хабарлады сот. 

Мән-жайы

Дегенмен соттасудың қажеті болмады: тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.
 

Анықтама. 

Медиация – бұл екі тараптың да мүдделері ескеріліп, өзара тиімді бейбіт шешімге қол жеткізілетін дауларды реттеу рәсімі.

Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасады: талап қоюшы арызынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, мамырдың соңына дейін оған 150 000 теңгеден төлеуге міндеттенді.

Сот келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, сонымен қатар талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар