сейсенбі, 28 сәуір, 2026 13:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысындағы Орлов шахтасында бір жұмысшы қаза тапты

Абай облысындағы Орлов шахтасында бір жұмысшы қаза тапты
Istock
Төтенше жағдай кезінде үйінді астында екі адам қалып қойған.

Абай облысындағы «KAZ Minerals» тобына қарасты «Востокцветмет» кәсіпорнының Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.

Төтенше жағдай кезінде үйінді астында екі адам қалып қойған.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде екінші жұмысшы аман табылып, дереу ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін бірден арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті. Сондай-ақ «KAZ Minerals» директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жеке өзі барды.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар