сейсенбі, 28 сәуір, 2026 13:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда шетелдік азамат жалаңаш пышақ ұстап, көшеде жүрген

Алматыда шетелдік азамат жалаңаш пышақ ұстап, көшеде жүрген
Сурет: видеодан скрин
Бұл жағдайға полиция түсініктеме берді.

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде бір ер адамның тек іш киіммен, қолында пышаққа ұқсас затпен көшеде жүрген видеосын жариялады. Бұл жағдайға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Бухар Жырау көшесінде іш киіммен, пышаққа ұқсас зат ұстап жүрген ер адамның видеосы анықталғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері видеодағы адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.

«Бұл – 1990 жылы туған шетелдік азамат. Ұсталған кезде өзін адекватсыз ұстаған, әрекеттеріне нақты түсінік бере алмады.

Аталған азамат осы аумақта орналасқан ұйымдарға қатысы жоқ», – деп мәлімдеді полицияда.

Қазіргі уақытта ер адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

«Көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды. Тексеру жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп қосты полиция өкілдері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар