жұма, 24 сәуір, 2026 20:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда оқушы мектепке балта алып келген

Алматыда оқушы мектепке балта алып келген
istockphoto.com
Оқиға қаланың Жетісу ауданында болған.

Алматыда оқушы сабаққа балта алып келіп, шабуыл жасауды жоспарлаған. Оқиға қаланың Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, қыз бала әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен әрекет еткен. Полицейлер оны  ешкімге зиян келтірілмей тұрып, дер кезінде ұстап үлгерген.

«Анықталғандай, кәмелетке толмаған жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы алынған нұсқаулардың әсерімен құқыққа қарсы әрекеттер жасауды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шараларының арқасында бұл әрекеттің жолы кесіліп, оның жүзеге асуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекетке тартуы мүмкін тұлғалар анықталуда», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың ата-анасына қатысты да — баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар