Алматыдағы Розыбакиев көшесін Шаханов көшесіне ауыстыру туралы петиция жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 17:34
- 15
Алматы тұрғыны қаладағы бір көшеге белгілі қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы бейресми петиция жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Петиция авторы Абдулла Розыбакиев атындағы көшені Мұхтар Шаханов есіміне ауыстыруды ұсынып, өз уәжін тарихи және мәдени дәлелдермен көрсеткен. Құжатта Шахановтың Желтоқсан оқиғасына қатысты ұстанымы, қазақ тілін қорғаудағы еңбегі және әдеби мұрасы ерекше атап өтілген.
Петицияда ол тек ақын ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселелерге белсенді араласқан тұлға ретінде сипатталған.
Айта кетейік, бұл бастама ресми петиция сайтында жарияланбаған. Қазіргі таңда бастама бойынша 194 дауыс жиналған: 72 адам қолдаса, 55 адам қарсы шыққан.
Дауыс беру ашық форматта жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде дүниеден өткен болатын. Оның есімін Алматы картасында қалдыру мәселесі бойынша қызу талқы жүріп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





