жұма, 24 сәуір, 2026 12:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бокстан әлем кубогында Аида Әбікеева 1/4 финалға жолдама алды

Бокстан әлем кубогында Аида Әбікеева 1/4 финалға жолдама алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында ел құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі) 1/4 финалға шықты.

Екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева 1/8 финалда Чехия өкілі Виктори Жилковамен кездесті.

Жекпе-жек барысында отандасымыз сауатты қорғанып қана қоймай, әр соққысын есеппен және дәл бағыттай білді. Тіпті төреші қарсыласқа үш мәрте есеп те ашты. Қорытынды есеп: 5:0. Аида енді ширек финалдағы жекпе-жегін 24 сәуірде марокколық Доуа Заккиге қарсы өткізеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын 23 сәуірде Алуа Балқыбекова (51 келі) болгариялық Златислава Чуканованы жеңсе, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) франциялық Хуго Грауға есе жіберді.

Ал 22 сәуірде Виктория Графеева, Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов (80 келі) ширек финалға өтсе, Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) жарысты аяқтады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар