Ресми деректің артында – жапа шеккен адамдардың, әсіресе балалардың нақты тағдыры тұр. Соңғы кезде ата-аналар балаларын далаға шығаруға қорқатын болғанын ашық айтады.
«Қазір балаларымызды көшеге шығарудан қалдық. Себебі айнала толған қаңғыбас иттер. Қауып ала ма деп қорқамыз. Бір шарасын қолданбаса болмайды», – дейді тұрғындар.
Сарапшылардың пікірінше, қаңғыбас иттердің көбеюі – жүйелі проблемаға айналған. Бүгінде бар шаралар, яғни иттерді аулау, зарарсыздандыру және арнайы орындарда ұстау мәселесі толық шешпейді. Сондықтан мамандар агрессивті иттерді эвтаназиялау сияқты қатаң шара қажет дейді.
Бұл бастаманың жақтаушылары мұны азаматтардың қауіпсіздігі үшін амалсыз шара деп есептейді. Әсіресе көшелердегі ит үйірлері балалар мен егде жастағы адамдарға нақты қауіп төндіріп отыр. Сондықтан мемлекет қауіпсіздік үшін тиімді әрі нақты шаралар қабылдауы тиіс деген ұстанымда.
Қоғамда пікір әртүрлі, бірақ басты мақсат – адамдардың, әсіресе балалардың өмірін қорғау екендігі дау тудырмайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




