сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 20:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бейопаға жеттің бе?."Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтап, жазба жариялады

"Бейопаға жеттің бе?."Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтап, жазба жариялады
kznews.kz коллажы
Оны өмір бойы шындық пен әділет үшін күрескен тұлға ретінде сипаттады.

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желіде жүрекжарды жазбасын жария етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Өнер қайраткері өз сөзінде ақынның азаматтық болмысын, қайсар мінезін ерекше атап өтіп, оны өмір бойы шындық пен әділет үшін күрескен тұлға ретінде сипаттады.

"Ей, артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті! Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба? Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?... Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..." – деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар