сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 19:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Екінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға екі боксшы шықты.

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) бокстан әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Екінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға екі боксшы шықты.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түсті.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бағлан Кенжебек армениялық Жирайр Саргсянға жол берді. Осылайша, жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар