дүйсенбі, 20 сәуір, 2026 14:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтаулық блогерлердің интим видеосы тарады

Ақтаулық блогерлердің интим видеосы тарады
Фото: Видеодан скриншот
Жақында желіде көпшілікке “Хан” лақап атымен танымал ақтаулық блогер мен оның жарының жеке мақсатта түсірген видеолары тарап кеткен еді.

Артынша блогерлер ел алдына шығып, бұған мобилографты кінәлады. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді. 

Полиция тілшімізге жергілікті ерлі-зайыпты блогерлер  тек жеке пайдалану үшін арналған интимдік бейнематериалдарының әлеуметтік желіде тарап кеткенін айтып, жүгінгенін хабарлады. Олардың айтуынша, ақпараттың таралуына бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтың қатысы бар болуы мүмкін.

Ведомство мәліметінше, дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, күдікті кәмелетке толмаған тұрғын.

“Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен тұрақты байланыста болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны”, – деп хабарлады ведомство.

Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтардың жеке және құпия материалдарын олардың келісімінсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Бұған дейін көпшілікке "Хан" лақап атымен танымал ақтаулық блогер мен оның жұбайы жеке мобилографын интим видеоларын таратты деп айыптағаны хабарланған еді.

Асабаның айтуынша, видеоны әйелі екеуі жеке мақсатта түсіріп, кейін оны жасырын файлға сақтап қойған. Ал мобилограф олардың телефонының құпиясөзін білгеннен кейін видеоларды алып, таратып жіберген көрінеді. Ал блогердің жары видео тарағаннан кейін бейтаныс ер адамдардан әдепсіз хабарламалар келіп жатқанын айтып, тіпті суицид туралы ойлағанын жеткізді. Ол жұрттан видеоны көрмеуді және әрі қарай таратпауды сұрады.

Сондай-ақ асаба өзге де блогерлерге ескерту жасады.

“Блогерлер мен медиа саласындағы адамдарға үндеу жасағымыз келеді: мобилографтардан сақ болыңыздар. Телефондарыңызды бермеңіздер, құпиясөздеріңізді айтпаңыздар. Әрқайсыңызда осындай видеолар болуы мүмкін. Ешкім бұдан қорғалмаған”, – деді асаба.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар