жексенбі, 19 сәуір, 2026 11:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Орталық палау» кафесіндегі өрттен қаза тапқандар саны артты

«Орталық палау» кафесіндегі өрттен қаза тапқандар саны артты
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Орталық палау» кафесінде болған өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті.

Тағы бір зардап шеккен азамат жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ер адам Астана қаласындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ем қабылдаған. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланған.

Дәрігерлердің айтуынша, өрт салдарынан науқастың жоғарғы тыныс алу жолдары қатты зақымданып, ауыр асқынуларға әкелген.

Бурабай ауданы әкімдігі марқұмның туыстарына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

– Қайтыс болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыру мәселесі де бар. Бұл іске «Орталық палау» кафесі де, әкімдік те атсалысады. Қазір жерлеу шаралары қолға алынды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні болған. Щучинск қаласындағы «Орталық палау» кафесінде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан.

Алғашында алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін зардап шеккендердің жағдайына байланысты құрбандар саны біртіндеп өсе түсті.

Оқиғадан кейін бірнеше зардап шеккен адам елордаға жеткізілді. Бес науқас Астана қаласына жөнелтілсе, олардың төртеуі санитарлық авиация ұшағымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген. Тағы бір адам жерүсті көлігімен тасымалданған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «Орталық палау» кафесінің иесі ұсталған.

4 наурыз күні сот оны екі ай мерзімге қамауға санкция берген.

17 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысындағы стационарларда тағы үш зардап шеккен адам ем қабылдап жатқан.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар