"Мен оны жақсы көремін" десе, қарсы болмаймыз": Синдаровтың әжесі пікір білдірді
- авторОймақ
- Бүгін, 15:21
- 34
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың бірлескен фотосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көпшілік олардың тек дос па, әлде араларында сезім бар ма деп болжауда. Ел арасында тараған қауесеттерге қатысты Синдаровтың әжесі пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Әзірге олар дос. Одан артық нәрсе айту қиын. Біз Бибісараны бала кезінен білеміз. Олар бірге өсіп, шахмат ойнады. Көп уақыттан бері араласамыз. Ал болашақта не болатынын білмейміз. Егер ертең ол: «Маған бұл қыз ұнайды, мен оны жақсы көремін» десе, біз қарсы болмаймыз», — деді Жавохирдің әжесі Sport.uz-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Синдаровты Пафоста өткен Үміткерлер турниріндегі жеңісінен кейін, әлеуметтік желіде құттықтап, «менің чемпионым» деп жазып, жүрек белгісін қойған еді.
Ол да аталған жазбасына қатысты пікір білдірген болатын.
«Мен ол үшін өте қуаныштымын және оны қатты мақтан тұтамын, өйткені соңғы бес жыл бойы таныспыз, бір-біріміздің жетістіктерімізді көріп бірге өстік. Менің ойымша, ол әлемдегі ең мейірімді адамдардың бірі. Иә, оның жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын. Ол бұған толық лайық», — деді Б. Асаубаева Almightychess парақшасына берген сұхбатында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






