бейсенбі, 16 сәуір, 2026 19:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы қамауға алынды

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы қамауға алынды
gov.kz
Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі жүргізген жоспарлы қызметтік тексеріс барысында оның тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғандығы анықталған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ресми мәліметке сәйкес, Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін, 13 сәуірде ІІМ тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Атырау қалалық полиция басқармасының бастығын, сондай-ақ облыстық департаменттің өзіндік қауіпсіздік және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының басшыларын қызметінен шеттеткен болатын.

Бақтыбек Исаев құқық қорғау саласында 2003 жылдан бері қызмет етіп келген. Ол бұған дейін Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары секілді бірқатар басшылық лауазымдарды атқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар