бейсенбі, 16 сәуір, 2026 3:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркия президенті Ердоған мамыр айында Қазақстанға келеді

Түркия президенті Ердоған мамыр айында Қазақстанға келеді
Ақорда
"Бұл кездесу екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге серпін береді деп сенеміз".

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мамыр айында Қазақстанға ресми сапармен келмек. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Үкімет басшысы алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Оның сөзінше, комиссия отырысы осы сапар аясында жаңа бастамаларды пысықтауға мүмкіндік береді.

"Біз Түркия Президентінің алдағы мемлекеттік сапарын ерекше ықыласпен күтеміз. Бұл кездесу екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге серпін береді деп сенеміз", – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр Қазақстан тарапы Түркиямен стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар