Биылғы жылдың үш айында алимент бойынша 500 млн теңге сомаға берешек өтелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
13 қасақана төлемеушіге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау).
Оның ішінде 3 адам нақты жазалау шараларымен сотталды, қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Бір мезгілде прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік объектісі (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөлік) берілді.
Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді.
Қабылданған шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарған адамдар үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуының тұрақты тәжірибесін қалыптастырады.
Алимент міндеттемелері әлеуметтік маңызы бар және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды прокуратура.
Алимент төлеуден жалтарудың әрбір фактісі заңда белгіленген тәртіппен жолын кесетін болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






