жұма, 10 сәуір, 2026 21:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ үнінің мерейтойы

Қазақ үнінің мерейтойы
"Шалқар" радиосына 60 жыл толды.

Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтіп, жаңа кітап таныстырылды.
Мерейтойлық мерекеге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д, профессор Намазалы Омашев, ҚР Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан, «Шалқар» радиосының ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Салтанатты жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатымен ашылды. Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қариннің, Премьер-министр Олжас Бектеновтің, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның,  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және Мәжіліс төрағаласы Ерлан Қошановтың құттықтаулары оқылды. Радионың дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге марапат табысталды.


Арнаның 60 жылдығына орай жарық көрген «ҰЛТТЫҢ ҮНБАЙРАҒЫ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған радио ардагерлері Сауық Жақанова, Руслана Құдайбергенова, Құсман Игісінов,  Нұржан Жалауқызы, Әшірхан Телғозиев, «Асыл кітап» баспасының директоры Жасұлан Сейдахметов қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар мерейтой аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауы жарияланды. Наурыз айының басында Алматы қаласындағы «Радио үйі» ғимаратында толық жөндеуден өткен студия ашылып, оған қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітованың есімі берілген еді.
Мерейтойлық іс-шара барысында «Шалқар» радиосында әр жылдары еңбек еткен ардагерлер және қонақтар естеліктерімен бөлісіп, әсерлі кештің куәсі болды.

Гүлбану Алпамысқызы

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар