жұма, 10 сәуір, 2026 19:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
olympic.kz
Барлығы 8 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

Моңғолия астанасында World Boxing нұсқасы бойынша өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке-дара көш бастап, құрлықтың ең үздік командасы атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

Турнир қорытындысы бойынша төрт боксшымыз Азия чемпионы атанды. Атап айтқанда, Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және ағайынды Оралбайлар – Нұрбек (85 кг) пен Айбек (+90 кг) алтын тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Төрехан Сабырхан (70 кг) күміс жүлдені иеленсе, тағы үш спортшымыз қола медалды місе тұтты.

Бұл додада Қазақстан құрамасы өзінің басты қарсыласы Өзбекстанды басып озды. Өзбек боксшылары 3 алтынмен екінші орынға жайғасса, үздік бестікті Үндістан, Жапония және Иордания құрамалары түйіндеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар