Қоғам
"Күндіз - оқу, түнде-такси, соңы - оқудан шығару ": Threads-тағы жазба қоғам назарын аудартты
- авторОймақ
- Бүгін, 12:39
- 94
Threads желісінде madina__kst есімді қолданушы резидент дәрігер жолдасының жағдайын айтып, қоғамда қызу талқылау тудырды, деп хабарлайды Oimaqnewz.kz.
Автордың айтуынша, жолдасы 9 жылдан бері медицинада оқып келеді. Қазір Астанада резидентурада оқиды. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады, ал негізгі табысты сол табады. Күндіз сабақта, кешке қосымша табыс үшін таксиге шығып, түнде ғана демалады.
Соған қарамастан, ол тәртіптік ескертулерге байланысты оқудан шығарылған. Автор бұл шешіммен келіспей, кешігулер отбасылық жағдайға байланысты болғанын айтады.

Жазба желіде кең таралып, көпшілік резидент дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру қажеттігін атап өтті.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




