бейсенбі, 9 сәуір, 2026 14:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Енді кен орындарының ЖИ анықтай ма?

Енді кен орындарының ЖИ анықтай ма?
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Ұлттық геологиялық қызмет Astana Hub-пен бірлесіп геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне шығарды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша архивтік деректерді машина оқитын форматқа көшіру үшін OCR технологиялары мен заманауи тілдік модельдер қолданылады.

Жоба EPAM Kazakhstan компаниясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін отандық QazTech және AlemCloud платформалары да атсалысып отыр.

Осы бастама аясында мамандар Data Science құралдары бойынша оқытылады, құрылымдалған деректер базасы жасалып жатыр, сонымен қатар GIS-іріктеуден өткен деректер базасы, интерактивті карта мен интеллектуалды чат-бот әзірленеді.

«Біздің мақсатымыз – интеллектті «геолог сияқты ойлауға» үйрете отырып, кен орындарының жасырын сырларын анықтауға қолдану», – деді Ж.Дүбірова.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар