сейсенбі, 7 сәуір, 2026 18:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзат ісі бойынша сотталғандар ақтауды талап етуде

Шерзат ісі бойынша сотталғандар ақтауды талап етуде
Ашық дерекөздерден
Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотталғандар кассациялық сотқа жүгінді.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Оның айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2024 жылдың 3-інен 4-іне қараған түні Талғарда жасөспірім Шерзат Полат қаза тапқан. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде таралуы қоғамның назарын аударған.

Тергеу барысында 40-тан астам сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс тоғыз адамға қатысты қозғалған.

Сот үкімі бойынша айыпталушылар әртүрлі мерзімге – 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ең ауыр жаза Абзал Шынасылға тағайындалып, ол 23 жылға сотталды.

Ал Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар