жұма, 3 сәуір, 2026 22:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазира Байырбекованың келініне қатысты пікірлерге құдағиының өзі  жауап берді

Жазира Байырбекованың келініне қатысты пікірлерге құдағиының өзі  жауап берді
Әншінің келіні көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Әнші Жазира Байырбекованың келіні Асылы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жас келін Aliya_collections брендінің киімдерін киіп, жарнамаға түскеннен кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі оның образына сын айтып, «қысқарақ кисе қайтеді?», «арық болса да киім жараспайды екен» деген секілді жазбалар қалдырса, енді бірі керісінше қолдау білдірген.

Осы жағдайға байланысты Асылының анасы Лиза Ахматова пікір қалдырып, көпшілікке өз ойын жеткізді.

Ол өз жазбасында адамдардың біреудің жеке өміріне артық араласатынына таңғалатынын айтты. Анасының сөзінше, оның қызы жас, әдемі, өз жолын тауып келе жатқан жан және ешкімге зияны жоқ.

Сондай-ақ ол жағымсыз пікір жазатындарға жауап беріп, «арық», «колхоз» сияқты сөздер адамның өз мәдениетін көрсететінін атап өтті. Ал жақсы пікір қалдырғандарға алғысын білдіріп, олардың ішкі дүниесі мен өмірі үйлесімді екенін жеткізді.

«Жаман пікір көбіне өз өмірінде бәрі дұрыс емес адамдардан шығады. Сондықтан әркім өз өмірімен айналысып, дамуына көңіл бөлгені дұрыс», – деп жазды ол.

Желіде бұл пікірге қатысты түрлі көзқарас қалыптасып, оқырмандар арасында қызу талқылау жалғасуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар