жұма, 3 сәуір, 2026 13:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудағы қылмыс: күдікті Индонезияға қашан барғаны белгілі болды

Атыраудағы қылмыс: күдікті Индонезияға қашан барғаны белгілі болды
ашық дереккөз
Олар Ломбок аралына қоныс аударып, ұсталғанға дейін сол жерде болған.

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезияға қашан барғаны белгілі болды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Индонезия полициясының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, Ломбок аралындағы қонақүйге тәртіп сақшылары келген сәтте Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасаған. Алайда ол сол жерде қолға түсті.

Күдіктіні ұстау операциясына Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі жұмылдырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барған. Кейін олар Ломбок аралына қоныс аударып, ұсталғанға дейін сол жерде болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар